ШАШТЫҢ СӘНІ – ШОЛПЫ

Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым – білезік. Оның бірнеше бөлшектен құралған ашпалы-жаппалы сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, қақпақ білезік, бес білезік, сағат білезік деп әртүрлі атайды. Білезіктердің ішінде алтын, күміс және нәзік шынжырмен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар түрлері де кездеседі. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбінесе күмістен соғылады.

Қыз-келіншектер арасында жақсы танымал зергерлік бұйымдардың екінші бір түрі – шаш теңге, шолпы, шабау деп аталатын әшекей бұйымдар. Шаш теңгелер мен шолпылар көп жағдайда әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан-ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі. Шаштың ұшында салбырап тұрған әшекейлер қыз жүрісіне үн қосып, әсем әуен шығарады.

Ақпарат “kyzdaralemi” порталынан алынды.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика