ЖЕЛГЕ ҰШҚАН ҚАРЖЫ

Жұма-сенбі күндері қала көшелерінде безендірілген қымбат көліктерді жиі көзіміз шалып қалады. Бұл – жас жұбайларға арналған той көліктері. Көшені бастарына көтеріп, у-шу болған жастарды мұндай кездерде тізгіндеу оңай емес.

Алдымен некелерін қидырған жас жұбайлар мен олардың дос-жарандары қаланың көрікті жерлерін тамашалап, суретке түсіп, кешке дейін уақыттарын қызықпен өткізуге тырысады. Бір қарағанда, бұл – жақсы дәстүр. Ал екінші жағынан алғанда мұның бәрі желге ақша шашқанмен бірдей сияқты.

Қазір орташа есеппен алғанда, бір той жасау үшін бір-екі миллион теңге кетеді. Мейрамхана ішін безендіру, лимузинмен қала ішін қыдыру, келген қонақтар суретке түсу үшін жас жұбайлардың үлкен суретін жасату, тойбастар ретінде қойылатын кәдесыйлар сатып алу – осының бәрі шаш етектен шығынға әкеледі. Санай берсек, ұсақ-түйектің өзіне ғана біраз қаражат кетеді екен. Біркүндік кеш үшін осынша ақшаны текке шашқанша, бір бөлігін қайырымдылық мақсатқа жұмсаған абзал болар еді. Бұл бір жағынан сауап, екінші жағынан жастарға жақсы тәлім-тәрбие беретін игі бастама деп ойлаймын.

Жанұзақ БӨКЕН.

Петропавл қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика