АУШАДИЯР

Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Өкінішке қарай, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда кемшін тұстар бар. Өйткені, күнделікті тұрмыс-тіршілікте салт-дәстүрдің барлығын ескеріп, есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан жастар түгіл, үлкендердің өзі кейбір салт-дәстүрден хабарсыз. Мәселен, халқымызда аушадияр дәстүрі бар. Аушадияр – үйлену тойы кезінде айтылатын өлең, жыр. Жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген жазушы Уахап Қыдырханов. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Елімізде аушадияр айтылмайды. Өйткені, халық жадынан шығып, ұмыт қалған.

Аушадияр бір болар,

Жаманның көңілі кір болар.

Ата анасын сыйлаған,

Ақ шалмалы би болар.

Аушадияр екі дер,

Ержеткеннің еркі дер,

Омырауы толған он түйме,

Қыз баланың көркі дер…

Аушадияр төрт болар,

Қыздың қойны өрт болар.

Екі жақсы қосылса,

Өле өлгенше серт болар.

Жыр жаңа қосылған жастарға арналады. Мұнда ақыл, үлгі, өнеге, тәлім тәрбие туралы толғауды санамалап айтудың халықтық таза бай дәстүрі бар. Ұлтымыздың ұлағатты әдет салтының бұл түрін өмірге енгізетін болсақ, мәдени қазынамыз да, өнеріміз де дами түсер еді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика