ИГІ ІСТЕРІ - КӨПКЕ ҮЛГІ

Өңірімізде жыл сайын 300-ге жуық нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Олар кювездер мен арнайы кереуеттерге жатқызылады. Шақалақтардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін арнайы күтім қажет. Петропавлдағы “28 ілмек” еріктілер клубы шала туған сәбилерге қамқорлық танытып, игі істерімен көпке үлгі болып жүр.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында құрылған еріктілер клубының құрамында 25 адам бар. Олар нәрестелерге арнап жылы киім-кешектер тоқып, әртүрлі ойыншықтар жасап, перинаталдық орталыққа жібереді.

– Клуб мүшелерінің дені – бала күтімі бойынша декреттік демалыста отырған аналар. Сондықтан бос уақытымызда пайдалы іспен айналысқанды жөн көрдік. Тоқыған немесе жасаған затымыздың сәбилерге пайдасы тисе, біздің де еңбегіміздің жанғаны, – дейді қолөнер шебері Наталья Фисенко.

Еріктілер киім-кешекті жүннен ғана емес, арнайы жіптен де дайындайды. Олардың ыңғайлы әрі зиянсыз болуына баса мән береді. Мәселен, онда қалың тігіс, түймелер болмауы керек.

Сонымен қатар тоқылған заттар сәбидің қан айналымын дұрыстап, оның денесін жылы ұстауы үшін қажет. Клубтың үйлестірушісі Әсемгүл Кәкпенованың айтуынша, кейбір киім-кешектердің емдік қасиеті де бар. Себебі, жүннен тоқылған киімдер баланың денесін қышытып, жүйке жүйесіне әсер ету арқылы дамуына септесетін көрінеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика