ҚАРА МЫСЫҚТЫҢ КЕСІРІ

Аялдама маңынан өтіп, жаяу жүргіншілер жолына жақындай бергеніміз сол еді “ГАЗель”   көлігін  тізгіндеген егде жастағы бейтаныс жүргізуші былапыт  сөздер айтып, айқайлай жөнелді. Алғашында түсінбей, абдырап қалдық. Бос шелекпен су алуға бара жатқан әйел адамның алдын кесіп өткеніне ашуланға-нын кейін білдік. Әлгі кісі “алдың-ды бос шелек ұстаған адам кесіп өтсе жолың болмайды” деген ырымға қатты сенетіні соншалық, кері бұрылып, қарсы беттегі көшемен  кетті.

Бұрнағы күні қоғамдық көлікте келе жатып, терезенің сыртынан  мынадай бір оқиғаға және куә болдым. Жас келіншектің жолдың оң жағында тұрған дүкеннің қуы-сынан бейнебір тышқанға көзі түскендей ытқып шыққан қара мысықты көріп, оның алдын орай-мын деп ерсілі-қарсылы жүгірмесі бар ма?! Күлерімді, не жыла-рымды білмей, әлгі келіншектен көзімді алмай,  отырған орнымда қаттым да қалдым. Айта берсең, осындай мысалдар жетіп арты-лады. Бәрінен бұрын мені алаң-ататыны, халқымыздың болмы-сына, ұғымына жат, тіпті, үш қай-наса да сорпасы қосылмайтын осындай ырымсымақтардың   кө-бейіп, оған жан-жүрегімен сене-тіндердің азаймай отырғаны. Мұндай жағдайлардың ұлттық  келбетімізге нұқсан келтіретінін Елбасымыз “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты  бағдарла-малық мақаласында “Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі бо-латын өткеннің кертартпа тұс-тарынан бас тарту керек”, – деп шегелеп айтқан болатын. 

Біз тілге тиек етіп отырған  жөн-жосықсыз наным-сенімдер адам-ды үшбаққа шығармайтыны ай-дан анық. Бір қызығы, мұндай  ырымдарға соңғы уақытта жас-тардың да үйір болуы алаңдатпай қоймайды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курсында оқитын қызым құрбыларының  өзге халықтар ұстанатын дәстүр-лерге, нанымдарға ерекше сене-тінін айтып, қынжылғаны бар еді. Абайсызда айнасын сындырып алса, болашағым бұлыңғыр бола-ды деп зәресі кететіндердің, он үш санынан безінетіндердің, бі-реудің басындағы бақытсыз оқи-ғаны немесе теріс мінезін сөз ет­кенде ағаш үстел, жақтауларды “тфә-тфә, өзімен кетсін” деп ұрғылап жататындардың не ой-лағаны бар?
Ата-бабаларымыздан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда  бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлету маңызды. Ұлттық құндылықтары-мызды ұрпақ санасында берік ор-нықтырып, тұғырынан құлатпау үшін  алдымен “қара мысықтың кесірі” сияқты ырымдардың жо-лына балта шабу керек сияқты.

Бағила ЕСЕНҒАЛИЕВА,
Петропавл қаласының тұрғыны.
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика