САҒЫНДЫМ, КӨРШІ, ШАЙЫҢДЫ

Елімізде урбанизация үрдісі кеңінен өріс алып отырғандығы белгілі. Ауылдардан облыс орталығына, Астана қаласына көшіп жатқандар көп. Бұл үрдіс басталғалы да жиырма жылдан астам уақыт өтті. Әрине, көшудің түрлі себептері бар. Олардың негізгісі – жұмыссыздық. Бір кездері тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған ауылдардың көбі қазір адам танымастай өзгерген. Біздің облысымыздың өзінде ғана қаншама ауылдарда мектептер жабылып, сол себепті тұрғындар өзге жерлерге көшіп кетуде. Ауылдардан жағдайы барлар кетті, шамалары келмегендер қалды. Қиындыққа қарамай, ауылда қалғандар арасында мал өсірумен, бидай егумен айналысатындар да жоқ емес.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 67

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА

Отбасының берекесі, ынтымақ пен ырыстың ұйытқысы бола білген көпбалалы аналар құрметке де, қошеметке де лайық. Алтын құрсақ аналардың дүниеге сәби әкеліп, сол баланы тәрбиелеу жолында еткен еңбектерін ештеңемен теңестіре алмайсың.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 159

АРЫҢДЫ САҚТА, БОЙЖЕТКЕН!

Бала – өмірдің мәні мен сәні. Көз алдыңда өсіп, өркен жайып келе жатқан ұл-қыздарыңның қызығын көріп, немере-шөбере бақытына кенелгеннен асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Ал мен болсам, осы қуанышты сәттердің барлығынан өз қолыммен бас тартқан бақытсыз пенделердің бірімін.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 86

ӘЙЕЛГЕ ҚОЛ КӨТЕРУ — ӘЛСІЗДІК

Күнделікті әдетім бойынша жұмыс күні аяқталған соң, үйіме қарай аяңдадым. Жылдар бойы салып алған жалғыз аяқ сүрлеу жолмен келе жатқанда жылаған әйелдің дауысын естідім. Кілт тоқтай қалып, жан-жағыма қарадым, ешкім көрінбеді. Бес-алты қадам алға қарай басқан кезде ғана үй сыртында ескі шәлісін жамылып, көз жасына ерік берген әйелді көзім шалды. Оның қасынан түк болмағандай өте шығуға дәтім бармады. Алғашында маған тосырқай қараған қазақ әйелі бірер минуттан соң, көз жасын тиып, өмірінің өкінішті сәттерімен бөлісті. “Шаршадым, он жыл бойы көріп келе жатқаным – осы. Күнде айғай-шу. Бұрын күйеуім ішіп алып, жанжалдасатын, оны емдеттік. Енді ішпесе де, көрген күнім – осы. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” деген шын екен. Екі сөзге келмей, жұдырық ала жүгіреді”, – деді ол көзінің жасын сүртіп.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 77

ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ

Қиялдың қалайы шамын ұстап, арманына қанат бітірген қылқалам шеберлерінің бірі – Уәлиханов ауданына қарасты Аққұдық ауылының тұрғыны Бауыржан Төлебиев.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 117

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика