Бақыт гормоны

Дәрігерлердің зерттеулеріне сүйенер болсақ, әйел адам ер-азаматтарға қарағанда көзіне төрт есе көп жас алады екен. Бұл олардың ағзасында “бақыт” гормоны – сератиннің көптігінен.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 125

Үлкенге — құрмет

Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғашқысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы болып саналады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 138

Төріміздің сәні еді ғой

Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін бұрынғы кезде жат болатын. Қазір заман басқаша. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қоғамның өмірге деген көзқарасы өзгеріп кеткен. Қатыгез қыз, безбүйрек балалардың кесірінен қарттар үйлерін мекендеген ата-әжелер қатары қалыңдай түсуде. Бұл қалай болғанда да, жүректі ауыртатын ақиқат.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 92

ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ

Мен қалаға екі жыл бұрын көшіп келдім. Ауыл өмірінен кейін мұндағы қарбаласқа үйреніп кету алғашында қиынға соқты. Қазір оған да көндігіп алдым. Келін балаға бір көмегім тисін деген мақсатпен немеремді таңертең балабақшаға апарып, кешкісін алып кетіп отырамын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 105

Қайдасыңдар, достарым!

Өңірімізде тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанда сұра-пыл соғыстан тұралап қалған ел-дің тұрмысы әлі түзеле қоймаған еді. 1954-1955 жылдары алынған тыңның алғашқы астық өнімдері-нің молшылығы мен тоқшылығы-ның шамасын елдегілер бірден сезінді. Бұл ырыстың бастауы еді. Шал ақын ауданындағы Алқаағаш ауылында осы екі жылдың ішінде өмірге келген балалардың саны-ның өзі жиырма сегізге жетіп жы-ғылған. Мұндай демографиялық өсімнің нәтижесін 1972 жылы Ле-нин орта мектебін 4 сынып болып бітіргенде көрдім. Сол жылғы менімен құрдас түлектердің саны жүзден аспаса, кем емес еді. Со-дан бері қырық бес жыл өтіпті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 133

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика