БІЛІКТІ БАСШЫ — МЕКТЕП МЕРЕЙІ

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – мұғалім. Осындай алтын діңгек ұстаздың бірі – Гүлнәр Таласбаева. Білікті маман тоқсаныншы жылдары Бескөл ауданындағы Андреевка орта мектебін бітіріп, арман жетегімен, жүрек қалауымен К. Ушинский атындағы Петропавл институтына оқуға түседі. Білімге деген құштарлығымен топ жарып, ынта-ықыласы арқасында арманына қол жеткізген ол 1991 жылы жоғары оқу орнын тамамдайды. Қолына алған ісін асқан шеберлікпен орындап, шәкірттердің жүрегіне ақылмен жол таба алатын ұстаз еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Бүгінде ол – Петропавл қаласындағы №7 орта мектептің директоры.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 34

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Бүлдіршіннің зейінін ашатын алғашқы оқулық – “Әліппе”. 2016 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын болып, қолдарына әліппенің орнына “Сауат ашу” оқулықтары таратылғанда, көпшіліктің абдырап қалғаны рас. Алайда, көзден таса болған оқулық 2019 жылдан бастап мектепалды даярлық сынаптарының оқу бағдарламасына енетін болып шешілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 55

СЫНАҚТАН СҮРІНБЕДІ

Облысымыздың 99 мектебінде өткен оқушылардың білім жетістігін сырттай бағалау жұмысының қорытындысы белгілі болды. Биыл сынаққа қатысқан балалар саны 5 мыңға жуықтады. Оның дені – бастауыштан жоғары сыныпқа көшуші балалар. Олардың жинаған орташа ұпайы 18,6-ны құрады. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би атындағы және Есіл ауданы Тауағаш ауылының орта мектептері 30 ұпайдың 24,9-ын жинады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 38

ҚИЫН СӘТТЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК

Заман өзгерген сайын жеткіншектердің ерте есейіп, ақыл-ойы да тез дамып жатқанын байқаймыз. Өкінішке қарай, адам бойында кездесетін кейбір жағымсыз әдет пен теріс қылықтар да жасарып барады. Жуырда Петропавлда 13 жастағы 5-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады. Мұндай оқиғалар бұрын кездессе де, дәл осындай жастағылар арасында алғаш рет тіркеліп отыр. Қайғылы жағдай қайталанбас үшін мектепке қойылар талап қандай? Қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлден Ақмағамбетова осы сұрағымызға жауап берген еді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 32

ШЫНЫҚПАСА, ҚАЛАЙ ШЫМЫР БОЛАДЫ?

“Жуырда “Солтүстік Қазақстан” газетінен Айыртау ауданы Бірлестік ауылының ұстазы Жанат Мұқашевтің “Жаттығатын зал жоқ” атты мақаласын оқып, біз де өз мұңымызды жеткізуге бел будық”. Бұл – Шал ақын ауданының Кеңес орта мектеп ұжымының редакциямызға жолдаған хатынан үзінді. Ұстаздар қауымы білім ордасында спорт залы жоқтығын, бұл жеткіншектердің тән саулығына теріс әсер беретінін жазған екен.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 44

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика