БАСТАУЫШҚА БАСПАЛДАҚ

Балабақшаның тәрбие және білім беру ісіндегі міндеті – баланың мектепке оңай бейімделуін қамтамасыз етіп, жеке тұлғалық қасиеттерін ашу. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастықтың орнауы, ұстаздарға балалардың балабақшадан кейінгі кезеңді, яғни бірінші сыныпқа бейімделу барысын жеңіл өтуіне мүмкіндік жасайды. Біздің тәрбиешілер мен №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері арасында жақсы іскерлік байланыс орнаған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 30

СӘТСІЗ ТАҢДАУ — САПАСЫЗ МАМАН

Жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына және жан-жақты дамуына жағдай жасау – біздің факультетіміздің негізгі мақсаттарының бірі. Сондықтан жастармен жұмыс барысында кәсіби бағдар берудің маңызы туралы түсіндіруді міндетімізге алдық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 28

БОЛАШАҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің “Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану” мамандығы бойынша оқитын жоғары курс студенттері облысымызда тұңғыш рет диплом жобаларын онлайн режімінде қорғады. Бұл өздеріне қажетті мамандар іздестіруші әлеуметтік серіктестеріміз үшін жастардың білім деңгейін қашықтықтан бағалауға мүмкіндік берді. Ал ата-аналар өз балаларының сыннан қалай өткенін бақылай алды. Диплом жобасын қорғау барысын тікелей байланыста 800-ден астам адам тамашалады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

ӨМІРЛІК ТӘЛІМГЕРІМ

Мектеп – адамға біліммен қатар тәрбие беретін шеберхана. Талай баланы білім бұлағынан сусындатып, оның қоғамға бейімделуіне сүбелі үлес қосатын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Алтын ұя – мектеп жайында сөз қозғағанда, облыс орталығындағы бұрынғы №2 қазақ мектеп-интернаты жайында айтпай кету мүмкін емес. Ауылдан келген талай қазақ балалары үшін жаңа өмірдің бастауы болған білім ошағындағы ұстаз-тәрбиешілер бізге үлкен қамқорлықпен қарап, үнемі қасымыздан табылатын. Олардан өнеге ала жүріп, көбіміз ұстаздық жолды таңдадық. Оқушыларға жақсы қырынан танылып, бала жүрегімізге жылылық ұялатып, оқуға деген ықыласымызды арттыра түскен педагогтер – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Әлия Малдыбаева, физика мұғалімі Бекет Мұстафин, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстазы Рәмзия Жақыпованың орны әлі күнге ерекше. Олардың сабақ өткізу мәнері де есімде жақсы сақталды. Әлия Ғалымқызы Абайдың ақындығы туралы айтқанда, оның өлеңдерін жатқа оқи жөнелетін. Ал сазгерлігі туралы сөз қозғағанда, әсем дауысымен “Желсіз түнде жарық ай”, “Көзімнің қарасы” әндерін нақышына келтіре шырқап беретін. Физика пәнінің мұғалімі Бекет Салықұлы әр сабақты формула сұраудан бастайтын. Бір қызығы, олар әлі күнге менің есімде. Мұның барлығы – білімді, білікті ұстаздардың ерекше қабілетінің көрінісі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 33

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ САРАЛАНАДЫ

Облыстық білім саласын бақылау департаментінде орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған семинар өтті. Оған бұл процеске қатысушы облыс педагогтері шақырылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 37

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика