ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР

Орта білім беру саласы 2021 жылы толығымен жаңартылған мазмұнға көшеді. Мектеп ұстаздары бүгіндері оқушыларды жаңа стандарттар мен бағдарламалар бойынша оқытуға дайындық жүргізуде. Мәселен, облысымыздың қала мектептерімен қатар кейбір ауылдарында да өз пәнін ағылшын тілінде өткізіп жүрген ұстаздар бар. Солардың бірі – Аққайың ауданының Тоқшын мектеп-гимназиясы физика пәнінің мұғалімі Раушан Исмаилова.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 12

ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Екатеринбург қаласының Орал мемлекеттік экономикалық университетінде ІХ Еуразиялық экономикалық жастар форумы өтті. Форумға бір жүзден астам университеттің өкілдері қатысып, өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 15

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Бүлдіршіннің зейінін ашатын алғашқы оқулық – “Әліппе”. 2016 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алатын болып, қолдарына әліппенің орнына “Сауат ашу” оқулықтары таратылғанда, көпшіліктің абдырап қалғаны рас. Алайда, көзден таса болған оқулық 2019 жылдан бастап мектепалды даярлық сынаптарының оқу бағдарламасына енетін болып шешілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 24

БІЛІКТІ БАСШЫ — МЕКТЕП МЕРЕЙІ

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – мұғалім. Осындай алтын діңгек ұстаздың бірі – Гүлнәр Таласбаева. Білікті маман тоқсаныншы жылдары Бескөл ауданындағы Андреевка орта мектебін бітіріп, арман жетегімен, жүрек қалауымен К. Ушинский атындағы Петропавл институтына оқуға түседі. Білімге деген құштарлығымен топ жарып, ынта-ықыласы арқасында арманына қол жеткізген ол 1991 жылы жоғары оқу орнын тамамдайды. Қолына алған ісін асқан шеберлікпен орындап, шәкірттердің жүрегіне ақылмен жол таба алатын ұстаз еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Бүгінде ол – Петропавл қаласындағы №7 орта мектептің директоры.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 12

ҚИЫН СӘТТЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК

Заман өзгерген сайын жеткіншектердің ерте есейіп, ақыл-ойы да тез дамып жатқанын байқаймыз. Өкінішке қарай, адам бойында кездесетін кейбір жағымсыз әдет пен теріс қылықтар да жасарып барады. Жуырда Петропавлда 13 жастағы 5-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады. Мұндай оқиғалар бұрын кездессе де, дәл осындай жастағылар арасында алғаш рет тіркеліп отыр. Қайғылы жағдай қайталанбас үшін мектепке қойылар талап қандай? Қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлден Ақмағамбетова осы сұрағымызға жауап берген еді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 17

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика