ӘКЕ ЖОЛЫ

Мен Қостанай облысындағы Жангелді ауданының тумасымын. Арқалық қаласындағы орта мектепті тамамдаған соң Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне “Металлург” мамандығы бойынша грантқа түстім. Бұл мамандықты таңдауыма ағаштан және темірден әртүрлі бұйымдар жасайтын әкем Сәрсен тікелей әсер етті. Сөйтіп, мен де бала кезімнен әкем сияқты шебер болуды мақсат етіп, техникалық мамандықты таңдап алдым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 43

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНУЫ ҚАЖЕТ?

Күні ертең тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, жаңа 2018 жыл табалдырығымыздан аттағалы тұр. “Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа” деп, оны да ерекше салтанатпен атап өтеміз. Алайда, бүгінде қоғамда бұл мерекені тойлау-тойламауға байланысты әртүрлі пікір қалыптасқан. Бұл жайында жастардың ойы қандай екен? Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері Нариман Нұрбек пен Маржан Тастемірованың пікірлерін сұрап білген едік.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 60

МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕКЕНІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында еліміздің бүгіні мен болашағы жарқын болуы үшін алдымызға бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Осыған сәйкес елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, “Туған жер” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өскелең ұрпаққа мұражайдың мән-мағынасы түсіндірілуде. Бұл орайда, жас буынды қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және тарихын тануға талпындырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруда “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде ашылған “Жас экскурсия жүргізушісі” үйірмесінің маңызы зор.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 67

ҚОЛДАУ БАР, ҚҰЛЫҚ ЖОҚ

“Балам, сен өскенде кім боласың?”. Осы сауалды қоймайтын ата-ана жоқ шығар. Келешегіміздің қандай боларын білмей тұрып-ақ, біріміз “дәрігер”, келесіміз “ұстаз”, енді біріміз “әнші”, “биші”, “күйші”, тағы да басқа мамандық иесі атануды армандаймыз. Біріміз бұл арманға қол жеткізсек, екіншіміз амалсыздан басқа жұмыс істеуге мәжбүр боламыз. Солардың арасында жоғары оқу орнының күректей дипломымен екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүрген жастар бар.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 60

ШЫҢДАЛА ТҮСТІМ

Мен – Шал ақын ауданындағы Еңбек ауылының тумасымын. 2011 жылы Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша тамамдадым. Бұдан кейін білімімді жетілдіру үшін Қарағанды экономикалық университетінде екінші мамандық – құқықтануды меңгердім. Адамға білім ешқашан көптік етпейді. 2012 жылы Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп, 2013-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқардым. Қазіргі таңда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ақпараттық-талдау тобының бас маманы болып жұмыс істеймін. Бұл мемлекеттік қызметке конкурс арқылы орналастым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 59

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика