ЖАНЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ЖАҚЫН

Бұрынғымен салыстырғанда қазір білім беру саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Жас мұғалімдердің қалыптасуына жағдай жасалған. Мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлермен және интерактивті тақталармен жабдықталған. Интернеттен кіріп қандай да бір мәліметті іздеймін десең, өз еркің. Бұл оқу процесіне зор септігін тигізіп отыр. Осыдан бес жыл бұрын ауыл мектебінде жұмыс істегенімде интернет түгіл, дұрыс компьютер болмайтын. Қазір бұл түйткілдің түйіні шешіліп отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 66

ӘКЕ ЖОЛЫ

Мен Қостанай облысындағы Жангелді ауданының тумасымын. Арқалық қаласындағы орта мектепті тамамдаған соң Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне “Металлург” мамандығы бойынша грантқа түстім. Бұл мамандықты таңдауыма ағаштан және темірден әртүрлі бұйымдар жасайтын әкем Сәрсен тікелей әсер етті. Сөйтіп, мен де бала кезімнен әкем сияқты шебер болуды мақсат етіп, техникалық мамандықты таңдап алдым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 59

ҚОЛДАУ БАР, ҚҰЛЫҚ ЖОҚ

“Балам, сен өскенде кім боласың?”. Осы сауалды қоймайтын ата-ана жоқ шығар. Келешегіміздің қандай боларын білмей тұрып-ақ, біріміз “дәрігер”, келесіміз “ұстаз”, енді біріміз “әнші”, “биші”, “күйші”, тағы да басқа мамандық иесі атануды армандаймыз. Біріміз бұл арманға қол жеткізсек, екіншіміз амалсыздан басқа жұмыс істеуге мәжбүр боламыз. Солардың арасында жоғары оқу орнының күректей дипломымен екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүрген жастар бар.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 83

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНУЫ ҚАЖЕТ?

Күні ертең тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, жаңа 2018 жыл табалдырығымыздан аттағалы тұр. “Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа” деп, оны да ерекше салтанатпен атап өтеміз. Алайда, бүгінде қоғамда бұл мерекені тойлау-тойламауға байланысты әртүрлі пікір қалыптасқан. Бұл жайында жастардың ойы қандай екен? Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері Нариман Нұрбек пен Маржан Тастемірованың пікірлерін сұрап білген едік.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 83

МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕКЕНІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында еліміздің бүгіні мен болашағы жарқын болуы үшін алдымызға бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Осыған сәйкес елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, “Туған жер” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өскелең ұрпаққа мұражайдың мән-мағынасы түсіндірілуде. Бұл орайда, жас буынды қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және тарихын тануға талпындырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруда “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде ашылған “Жас экскурсия жүргізушісі” үйірмесінің маңызы зор.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 90

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика