ҚАЙСАРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан әлемге тәуелсіз ел ретінде танылып, алып ғаламшардан ойып тұрып өз орнын тапты. Алайда, осы бір ұлы күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Егемендік жолында ата-бабаларымыз талай соғыстың салқынын, аштықтың азабын бастан өткерді. Сондықтан “Тәуелсіздік” деген киелі ұғым бізге қалдырылған баға жетпес байлық деп білемін. Ал оны тұғырлы етуде Елбасының еңбегі ерен. Егемендіктің алғашқы жылдары шаңырағын енді ғана тіктеген жас мемлекеттің басшысы ядролық қарудан бас тартты. Бұл батыл қадам халықтың болашаққа деген сенімін нығайтып, талай жанның кеудесіне үміт отын маздатты. Олар мұны егемендіктің алғашқы жемісі деп білді. Бүгінде әрбірімізге осы аманатқа адалдықпен қарау міндеттелген.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 16

ҚАСИЕТТІ ҰҒЫМ

Есімді білген күннен бастап “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” деген аталы сөзді естіп өстік. Қазақ халқының азаттық жолындағы ғасырлар бойғы күресін тарихымыздан оқып, көңілімізге түйдік. Сондықтан “Тәуелсіздік” деген сөз біз үшін аса қасиетті әрі құнды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 17

СЫЙЛЫҚТАРЫН МҰҚТАЖДАРҒА БЕРДІ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Петропавл қаласында тұратын екі көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетілді. Қайырымды іске облыстық ішкі істер департаменті және тілдерді дамыту басқармасы мұрындық болды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 5

ҚҰШАҒЫ КЕҢ ҚЫЗЫЛЖАР

Даласын ән мен жырға бөлеген Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сегіз серінің мекені болған, “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін” деп от өлеңімен жігер берген Мағжан ақын дүниеге келген қасиетті өлкеге қоныс аудардық. Айналасы аққайың, жасыл желек көмкерген, қарасаң сұлулығына көз тоймайтын бұл аймаққа қоныс аударуға алғашында жүрексінгенімізді жасырмаймын. “Мың қайғыны бір тәуекел бұзады” демекші, белді бекем буып, жолға шықтық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 20

ЖЕЛТОҚСАН ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ

Дәуқара орта мектебінде “Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы” атты тарихи-танымдық, әдеби-музыкалық шара өтті. Онда қазақтың ержүрек ұландарының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгі етіліп, оқушыларды өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу мақсаты көзделді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 15

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.