ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

“Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!” – деп ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, ары. Ана тіліміз қазақ халқымен бірге талай сын-қатерлерді бастан өткерді. Осынау көркем де бай тілімізді сақтап қалуға зор үлес қосқан тіл жанашырларына мың тағзым.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 8

“ҚАҺАРМАНДАР” ҚОРЫ ИГІ ІСТЕРГЕ БАСТАМАШЫ БОЛМАҚ

Үстіміздегі жылы Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен тұлғаларды ақтауға үлес қосу мен олардың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатын көздейтін «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қоры құрылып, оның тұсаукесері мамыр айында Астана қаласында өткен болатын. Бұл қоғамдық қордың президенті – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, белгілі заңгер, қоғам қайраткері, жерлесіміз Сабыр Қасымов. Оның мүшелері қатарында еліміздің белгілі тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар бар. Бүгіндері осы қордың өңірлерде жергілікті филиалдары ашылып жатыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 13

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Түркия Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде бауырлас елдер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 15

ТҰРҒЫН ҮЙДІ НЕСИЕЛЕУ ҚАРҚЫН АЛМАЙ ОТЫР

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 10

ҚОНЫСТОЙЛАР КӨБЕЙЕДІ

Соңғы жылдары облыс орталығында құрылыс жұмыстарының қарқыны артып, түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында жыл сайын мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Бұрнағы күні “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы журналистерге арнап баспасөз турын ұйымдастырып, жаңа нысандардың құрылысымен таныстырды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 8

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика