СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ

Облыс орталығында “Ер Нұр & Ника” қазақ-кәріс достығы қоғамдық қоры өкілдерінің және Оңтүстік Кореядан келген меймандардың қатысуымен болған апталық семинарда өңір полицейлері хапкидо жауынгерлік өнерінің базалық әдістерін меңгеру бойынша дайындықтан өтті.

Хапкидо жауынгерлік өнері – өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған спорттың түрі. Шығыс жекпе-жегінің әдістерін үйрету үшін Бүкіләлемдік хапкидо федерациясының президенті, орта салмақтағы ММА бойынша әлемнің экс-чемпионы Ли Гак Су мен шебер Ким Джун Ёнг келді.

“Бұл – қазақ-кәріс қоры атқарған зор жұмыс. Халықаралық деңгейдегі шеберлік сабақтары өткізіліп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үлкен мүмкіндікке ие болып отыр”, – деді семинардың жабылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов мұндай семинарлар қызметкерлердің әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тез әрі дұрыс шешім қабылдау, тәртіп пен шыдамдылық – полицейге қажетті қасиеттер. Ал жауынгерлік өнер бұл қасиеттерді нығайтуға септеседі.

Семинар соңында Бүкіләлемдік хапкидо федерациясының президенті Ли Гак Су қырық екі қызметкерге сертификат табыстады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика