МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Шарапаев Шал ақын ауданының Приишимка ауылдық округінде болды.

 

Биыл округтегі егістік алқаптарынан орылған зығырдың сабақтарына дейін ысырапсыз жинап алынып, түгелдей іске жаратылып отыр. Өйткені, Приишимка орта мектебі биоотынмен жылытылады. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, жаңа жылыту қазандығы қойылғалы бұрынғыдай емес, жұмсалатын қаражат едәуір үнемделіп, мектеп ішіндегі жылы температура ұзақ уақытқа дейін сақталатын болған. “Жасыл” технологияның артықшылығын депутат Петр Шарапаев та жоғары бағалады.

Мектеп ұжымымен және жергілікті тұрғындармен кездесу барысында халық қалаулысы ауылдықтарды алаңдатқан бірқатар сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін назарына алды. Бұдан кейін ол Сергеевка су қоймасының жағасында “Сенполие” ЖШС-і салып жатқан демалыс базасында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Демалыс орны жақында пайдалануға берілмекші. Ауданға сапары барысында Петр Шарапаев “Нұр Отан” партиясыаумақтық филиалының активімен кездесті.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.