АЛТЫН ҚОР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты кезекті Жолдауы жарық көрді. Бұл – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы жоспарға құрылған құнды құжат.

Біздің мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық теңестіру. Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, отбасының, жастардың және келешек ұрпақ мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Жолдаудың ең салмақты тұстарының бірі – білім-ғылым саласы. Бұл ретте біз алға қойған мақсат­тарымызға жету үшін бірлесе қызмет атқаруымыз маңызды.

Кез келген мемлекеттiң дамуында елдің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу қашан да маңызды рөл атқарып келеді. Осы орайда, баланы ерте жастан тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталған Елбасы: “2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет”, – деп алға үлкен міндет қойды. Бұл қолдауды ел болашағына жасалынатын алтын қор деп білемін.

“Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін” деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Бүгінгі ахуал – жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Сәт сайын құбылған заманға сай амал табу – міндет. Елбасымыз 2018 жылғы дәстүрлi Жолдауын­да айтылған бiлiм беруді дамыту мiндеттерiн іске асыру сала қызметкерлерi мен ұстаздарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Әсемгүл ШЕКЕШҚЫЗЫ,

“Родничок” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.

Айыртау ауданы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика