ЖОБА АЯСЫНДА

“Бизнес кеңесші” жобасының аясында арнайы курстан өтіп, бизнес жүргізуді үйренген Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласының тұрғыны азық-түлік дүкенін ашты.

Наталья Егорова өз ісімен айналысу ниетімен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барған. Мұндағы мамандар оған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы арқылы несие рәсімдеу мүмкіндігі жайлы айтып беріпті. Бағалы кеңес алған жас “Бизнес кеңесші” жобасы бойынша екі күндік курсқа жазылып, кәсіпкерлік негіздерін үйренген.

Наталья несиені дүкенге қажетті стеллаждар мен сөрелерді алу үшін рәсімдемек болған. Алайда, кепілдік мүлікті бағалау кезінде оның үйге иелік құқығын растайтын құжаттары дұрыс болмай шығыпты. Соның салдарынан оған құжаттарды қайта жасауға тура келіп, несиені рәсімдеу мерзімі де ұзаққа созылып кеткен.

Көптен күткен 2,9 миллион теңге несиесіне өткен жылдың соңында қол жеткізген бойжеткен бірден қажетті жабдықтарды сатып алған. Осылайша, жақында сергеевкалықтардың игілігіне жаңа дүкеннің есігі айқара ашылды.

– Несиені рәсімдеуіме кеңес беріп көмектескендері үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұжымына алғыс айтқым келеді. Қазір алдымда ассортиментті кеңейте отыра тұрақты тұтынушыларымның санын көбейтіп, несиені уақтылы төлеу мақсаты тұр, – деді өзінің жоспарымен бөліскен жас кәсіпкер.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.