БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Мемлекеттік қызмет жүйесі өзге институттар сияқты жиі өзгерістерге ұшырайды. Реформалардың сәтті жүзеге асырылуы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты. Сондықтан да елімізде мамандарды кәсіби жетілдіру мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді.

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарының негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін үш жылда бір рет біліктілігін арттыру міндеттемесі енгізіліп отыр. Бұған дейін мемлекеттік қызметке алынған маман жартыжылдық жұмыс өтілінен кейін қайта даярлау курстарынан өтуі тиіс еді. Мемлекеттік қызметтегілердің кәсібилік деңгейін тексеріп тұру – дамыған елдердің мемлекеттік қызмет жүйесінде бұрыннан қалыптасқан тәртіп. Мәселен, Еуроодақ елдерінде мемлекеттік қызметшілер бес жыл сайын біліктігін арттырып отыруға тиіс. Ал Сингапурда мұндай курстардың ұзақтығы жүз сағаттан кем болмайды екен.

Өткен жылы біздің облысымыздағы мемлекеттік қызмет органдарының 1672 қызметшісі үшін біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Олар кәсіби білім мен дағдыға ие болу үшін өз жұмысынан тыс орындарда еңбек тәжірибесінен өтеді. Қызметшілер кәсіби деңгейін жетілдіру үшін өз бағыттарына сәйкес жұмыс атқаратын жекеменшік мемлекеттік және квази мемлекеттік секторларға жіберіледі. Осындай тәжірибеден облысымызда былтыр 265 маман өткен болатын.

Мемлекеттік қызмет реформасының негізгі мақсаты қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігін жоғарылату, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының деңгейін төмендету, тиісті еңбекақы мен мансапқа жетуін қамтамасыз ету, тұрғындардың билік институттарына деген сенімін арттыру және де мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында тиімді мемлекеттік басқаруды маңызды бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті. Ендеше бізге жаңа заман талаптарына сай келетін білімі мен дағдысы, серпінді дамушы қоғамдық-саяси процестерге бейімделгіш қасиеті бар, жақсы тәжірибелерді меңгере білетін, мемлекет пен халықтың мүддесіне адал қызметшілер қажет.

Рамиль БАХРИРАЗИЕВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика