ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

“Жаңа әлемге жол саламыз” ұранымен Астанада “Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” жастар қанатының кезекті төртінші съезі өтті. Қоғамдық ұйымдар өкілдерінен, белсенді, өнерлі азаматтардан құралған өңірлік делегация съезден алған әсерлерімен бөлісу үшін Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының жастарымен кездесті.

Төрт жыл сайын өткізілетін шараға еліміздің барлық өңірінен 1,5 мыңнан аса делегат қатысқан. Олар бүгінгі күннің өзекті тақырыптары – білім саласы, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру және Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын талқылаған. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдарын да қарастырған.

– “Рухани жаңғыру”, “Цифрлық Қазақстан”, “Қазақстанда жасалған”, “Білім. Ғылым. Инновация”, “Саламатты ұлт” сынды бес секциялық бағыт бойынша тақырыптық жобалар әзірленді. Жастар өздеріне қажетті ақпараттарға молынан қанықты. Өңірлерде қордаланған мәселелердің шешіміне қатысты ұсыныстарға көбірек көңіл бөлуге тырыстық. Мәселен, мектеп түлектерінің көршілес Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдауы – Қазақстанның солтүстік өңірлерінің бәріне де тән проблема. Белсенділер Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бұл “ағынға” кедергі болатынына сенім білдіріп отыр. Сондықтан Президент бастамаларын жастарға жан-жақты түсіндіріп, жергілікті оқу орындарына түсуге шақыруымыз керек, – деді “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Қайроллаев.

“Жас Отан” ЖҚ-ның орталық кеңесінің мүшесі Рүстем Арманов жастар съезіндегі жаңашылдықтар және жастар қанатының жалпы жұмысы жайында айтып берді. “Кезекті съезд сананы жаңғыртуға және Қазақстан жастарының жаһандық бәсекеге қабілетті болуына бағытталған жастар саясатының жаңа форматы аясында өткізілді”, – деді ол.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика