МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Үндеуін біз жылы қабылдадық. Себебі, бұл бастамалар арқылы жастарды толғандырып жүрген бірнеше мәселенің шешімін таптық.

Біріншіден, 2018-2019 жылы жастарға арнап 20 мың грант бөлінеді. Бұл – біз үшін, өңір жастары үшін, үлкен қуаныш. Бүгінгі күні М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 5 мың жас білім алуда. Елбасының әлеуметтік бастамалары ертеңгі күні жоғары оқу орнында оқуға ниет танытқан жастар санының айтарлықтай өсуіне жағдай жасайтынына сеніміміз зор. Әрбір мектеп бітіруші түлек ата-анасына салмақ салмай, тегін білім алуды арман етсе, бұл армандардың орындалуы үшін мемлекет тарапынан қомақты жұмыстар атқарылуда.

2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап 75 мың орынға арналған жатақхана салынады. Осылайша, ауылды аймақтардан келген жастар толықтай жатақханамен қамтамасыз етілмек. Бұл, өз кезегінде, студенттердің білімге деген құштарлығын арттырудағы ең басты шешім деп ойлаймыз.

Әрбір жас өзінің жеке баспанасы болғанын қалайды, бірақ баспана алу жолында көптеген қиындықтарға ұшырасады. Мемлекет басшысы осы мәселені шешудің маңыздылығын түсіне отырып, ипотекалық несие беруге қатысты бірнеше әлеуметтік бастама енгізді. Бұл жобаның арқасында көптеген жастар, жас отбасылар баспанамен қамтылатынына сенімдіміз.

Баспаналы болу – көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе, шешу жолдары да жоқ емес. Мәселен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін алуға болады. Егер әрбір жас бүгіннен есепшот ашып, ақша жинай бастаса, болашақта жеке пәтерге ие болады. Біз жастармен кездесулер ұйымдастырып, оларды мемлекеттік бағдарламалардан хабардар етеміз. Өйткені, өскелең ұрпақ еліміздегі өзгерістер мен ұсынылып отырған мүмкіндіктер жайлы білуі керек.

Студент бола тұра, бизнес жоба жасап жүрген қатарластарымыз бар. Бизнес жастар үшін әрдайым ашық. Ал Елбасының бастамалары әр жасқа өз ісін ашуына немесе кеңейтуіне мүмкіндік береді. Бүгінде бизнестің әр саласында өзін таныта білген табысты жастар жайлы көп естиміз. Біздің басты міндетіміз де осы – табысты бизнесмендердің санын көбейту. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қолдау бағытында көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар.

Абылайхан ҚАЙРОЛЛАЕВ,

“Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика