“ЖАС ӨРКЕН” – ЗАМАНАУИ ШАҒЫНАУДАН

Былтыр Петропавл қаласында он бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, бір мыңнан астам отбасы қоныстойын атап өту бақытына ие болған еді. Ал үстіміздегі жылы 229 мың шаршы метрден астам пәтер салынбақ.

Бүгінде тұрғын үй құрылысының басым бөлігі Петропавл қаласындағы “Жас өркен” шағынауданында жүргізілуде. Ескі үйлері сырылған бұл шағынауданда “Казградстрой-НС”, “СтройКомпания”, “Кокчетауская топливная база” және “Основание” құрылыс компаниялары кешенді көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын қолға алған. Алдағы уақытта шағынауданда 2700 пәтерлік тұрғын үй кешендері, мектеп, театр, басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған. Қазірдің өзінде теннис орталығының құрылысы аяқталуға жақын.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Тимофеев басқаратын “Основание” құрылыс компаниясы бүгіндері “Жас өркендегі” ескі үйлердің орнында 332 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Серіктестік құрылысшылары арасында өз ісінің нағыз шеберлері аз емес. Төртінші разрядты тасқалаушы Руслан Карасев сондай еңбек озаттарының бірі.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕРДЕ: Р.Карасев жұмыс үстінде; серіктестік құрылысын жүргізіп жатқан тұрғын үй кешенінің жалпы көрінісі.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика