ЖАСТАР ТАҢДАУЫ

Облыстық ішкі істер департаментінде өткен консультативтік-кеңестік органның кезекті отырысында жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері қаралды.

Кеңес мүшесі, гуманитарлық-техникалық колледждің директоры Александр Мерк мектеп оқушылары мен басқа оқу орындарының тәрбиеленушілері арасында құқық қорғау органдары жұмысын насихаттау жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Жасөспірімдерден түскен сұрақтарды талдай келе, олардың арасында заңгер мамандығын таңдағысы келетіндердің көп екені аңғарылған. Александр Мерк оқушыларға арнап әдістемеліктер әзірлеуді ұсынды. Онда полиция қызметіне үміткерге қажетті физикалық дайындық нормативтері көрсетілмек. Ол осы бағыттағы жұмыстар жастардың бұл мамандықты таңдауына оң әсерін тигізетініне сенімін білдірді. Ведомство басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов кеңес мүшелерінің бұл бастамасын қолдап, биыл “кадр резервінің жылы” екенін атап өтті.

Отырыста қаралған кезекті мәселе жұмыстың сапасын, жеделдігін және ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларға байланысты болды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына енгізіліп жатқан, азаматтар мен бизнес ортаның құқықтарын сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер де талқыланды. Үстіміздегі жылдың басынан бері өңірлік тәртіп сақшылары планшеттердің көмегімен 1700 әкімшілік хаттама толтырған. Ал департаменттің қылмыстық тергеу органдары биыл электронды форматта 40 қылмыстық іс тіркесе, соның 29-ы аяқталған. Кеңес мүшелері қылмыстық процесті цифрландыру аясында “Е-қылмыстық іс” жобасына көшу мәселесі бірінші орында екеніне тоқталды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика