ӨҢІРЛІК ФОРУМ

Жуырда Павлодар қаласында “Нұр Отан” партиясы бастауыш ұйымдарының өңірлік форумы өтті. “Нұр Отан” партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың қатысуымен өткен шараға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан делегациялар шақырылды.

Қазіргі уақытта елімізде бір миллионнан астам мүшесі бар 5839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. “Нұр Отан” партиясын жаңғырту мақсатында шағын ұйымдарды ірілендіру үдерісі жүріп жатыр. Форум жұмысы бастауыш партия ұйымдары жүйесін оңтайландыру және цифрландыру, кадрлық резерв, партия жұмысының технологиясы сынды төрт секция бойынша ұйымдастырылды.

Бірінші секцияда Тамара Дүйсенова бастауыш партия ұйымдарын белсенді ету тұжырымдамасын таныстырды. Қатысушылар партияның барлық қызметін цифрландыруға, ұйым мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын азайтуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған “Сандық партия” жобасымен таныстырылды. Кейін осы көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

“Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Мұқышев бастауыш партия ұйымдары мүшелеріне ортақ sms-хабарландырулар тарату жүйесін енгізу, төрағалардың жеке кабинетін ашу туралы, ал “Радуга” ЖШС-нің бас-тауыш партия ұйымының төра-ғасы Максим Большедворов кадр-лық резерв мәселесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Форум бас-тауыш ұйымдары өкілдерінің өз-ара тәжірибе алмасып, жұмыста-рымен танысуға да септігін тигізді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика