ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Қазақстан мен Ресей: серіктестер диалогы” атты көрме ашылды. Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумына арналған көрмеге жергілікті атқарушы билік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері мен студенттер қатысты.

Көрме қонақтары Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңесі, саммиттер мен өңіраралық ынтымақтастық форумдарының фотоматериалдарын, Омбы, Түмен, Қорған облыстары делегацияларының біздің өңірге сапарларын, Қазақстан-Ресей елдері достығын айғақтайтын құжаттардың көшірмелерін, екі жақтың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған шарттарды, меморандумдар мен экономикалық және әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыруға арналған құжаттармен танысты.

Шарада аға ұрпақ өкілдері жастарға ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Ресей достық, сауда, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестіктің конструктивті моделін құрғанын айтып, өзара түсіністік пен тығыз қарым-қатынастың арқасында екі ел жақсы жетістіктерге қол жеткізгенін тілге тиек етті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика