ТАБЫС КӨЗІ

Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ Қазақстан жерінің әр пұшпағы қастерлі. Дарқан даламыздың асты-үсті толған қазына.

Елдің шетіндегі, желдің өтіндегі солтүстіктің қақпасы саналатын Қызылжардың тұмса табиғатына таңданбайтын адам жоқ шығар. Тіршіліктің құтберекесі болған осындай көрікті жерді мекендеген халық бақытты. Қазақстан мен Ресей елдерінің өңіраралық ынтымақтастық форумында талқылауға түсетін туризм тақырыбы бүгінде кез келген мемлекет үшін маңызды сала болып отыр. Қазір көптеген шетелдер туризм арқылы табыстарын еселеп, елдің экономикасын көтеруде. Бізде де мол мүмкіндік бар. Әсіресе, Қызылжар туризмді дамытуға қолайлы өңір.

Екі ел Президенттерінің кездесуінен жақсы нәтиже күтеміз. Осы форумның арқасында табысты саланы өркендетуге мол мүмкіндік туады деп ойлаймын.

Біз – ит жүгіртіп, құс салып, саят құрып, аң аулаған халықпыз. Өңірде аңшылықты мықтап қолға алу керек. Өйткені, аң аулауға қызығушылық танытқан адам аз емес. Өзіміздің жерде аңшылық базасын ашып, бұл шаруашылықты дамытсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Бауыржан ҚҰЛЖАНОВ,

облыстық күрес федерациясының құрметті президенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика