ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ

Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын факторлар өте көп. Тағдыр қос елді Жер шарында көрші қылып орналастырғандықтан, тату тұрмасқа қақымыз жоқ. Ежелден ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ынтымақтастығымыз жаңа деңгейде дами бастады. Орталық Азияның көшбасшысы ретінде Қазақстан қай салада болмасын толағай табыстарға жеткенін көріп отырмыз. Соның ішінде туризм мол пайда әкелетіні анық.

Жыл сайын жазда ресейліктер демалу үшін Қазақстанға қарай ағылатынын көріп жүрміз. Өзім тұрып жатқан Қорған облысының тұрғындары соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының жауһары саналатын Имантау-Шалқар демалыс айлағына баруды әдетке айналдырды. Шетелдің мақтаулы курорттарынан көп айырмашылығы жоқ. Тіпті, табиғатының көркемдігі жағынан көбінің алдын орап кетеді.

Қазақстанның тарихы өте бай. Археологиялық қазбалар нәтижесінде көне қалалар табылғанын білеміз. Бұл тарихи-танымдық туризмді дамытуға тың серпін берері анық. Жылқыны алғаш қолға үйреткен аймақ ретінде ғалымдар мойындаған Ботай қонысына соқпай кету мүмкін емес. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы бұл салаға тың серпін береді деп сенемін.

Әсет БЕЙІСОВ,

Ресей Федерациясы қазақ ұлттық-мәдени автономиясы атқару комитетінің мүшесі.

Қорған қаласы.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика