АЙТУЛЫ ОҚИҒА

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының жетекші саласы. Астықты өңір – Қызылжарда бұл сала жақсы дамуда. Өйткені, еңбекқор азаматтарға мемлекет тарапынан қамқорлық пен қолдау ерекше. Соның нәтижесінде қазір ауыл шаруашылығы өркен жайып, елдің экономикасына пайдасын тигізуде.

Ала жаздай танап басында таңымыз атып, күніміз батып, қызу еңбек еттік. Ең бастысы, ырысымызды ысырапсыз жинап алдық. Қазақстан мен Ресей елдерінің өңіраралық ынтымақтастық форумынан күтеріміз көп. Бұл ауқымды шара кәсіпкерлерге ғана емес, өңір жұртшылығы үшін жылдың айтулы оқиғасы болмақ. Форумға дайындық барысында Қызылжардың құлпырып, жаңа кейіпке енуінің өзі біраз жайды аңғартады. Екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың арқауы үзілген емес. Ал форумнан соң біздің достығымыз одан сайын арта түсетініне күмән жоқ.

“Полтавское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де Ресей елімен сауда-саттық байланыста. Шаруашылықтағы заманауи техникалар көрші елден жеткізілген. Ал арпа, рапс, зығыр мен бидайдың біраз бөлігін біз Ресейге жөнелтеміз. Екі елдің сауда-саттық байланысы оң жолға қойылғаны қуантады. Ауыл шаруашылығы саласының өркен жаюына көрші елдің озық технологиясының тигізіп отырған пайдасы зор. Әсіресе, эспорттық әлеуетімізді арттырып, сауда-саттық аясын кеңейтуде форумның бізге берері мол деп білемін.

Елтай ЗІКІРИН,

“Полтавское” ЖШС-нің директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика