АЛТЫН АРҚАУ

Екі елдің достық форумы туризмнің ғана емес, өзге де салалардың дамуына тың серпін беретін маңызды кездесу екені мәлім. Қай саладан табыс түссе де, қазынаға құйылады емес пе? Ал қазына қаржысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады. Көрші елмен достық қарым-қатынасымыздың арқасында экономика, кәсіпкерлік қана емес, өнер мен мәдениет те құлашын кеңге сермеуде.

Өнер – халқымыздың бай қазынасы. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ұжымы шетелдерде гастрольдік сапарлармен жиі болады. Әр жылдары Ресейдің де беделді театр сахналарында өнер көрсетті. Ресейлік әріптестермен қоян-қолтық араласып, өзара тәжірибе алмасу игі дәстүрге айналған. Ресейде өтетін халықаралық театр фестивальдарына қатысып, сол жақтағы өнерсүйер қауымның көңілінен шығудамыз. Олар қызылжарлық актерлердің өнеріне зор бағасын береді. Бұл бізді одан сайын шабыттандыра түседі. Біздің өңірімізде өтетін ауқымды шараға ресейлік өнер ұжымдары да өздерінің үлестерін қоспақ ниетте. Форум барысында орыс драма театрының сахнасында жергілікті актерлер ғана емес, омбылықтар да өнер көрсететін болады.

“Өнер ұлтқа бөлінбейді”. Өнерде шектеу, шекара жоқ. Сондықтан көрші елдегі әріптестеріміздің бізден, біздің олардан үйренеріміз көп.

Спартак РАМАЗАНОВ,

Н.Погодин атындағы облыстық орыс

драма театрының директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика