КҮТЕРІМІЗ КӨП

Петропавл қаласында өтетін “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері” атты XV өңіраралық ынтымақтастық форумын тағатсыздана күткеніміз рас. Оның себептері де жоқ емес. Омбы мен Солтүстік Қазақстан облысы көршілес орналасқан өңірлер болғандықтан, арадағы барыс-келіс пен алыс-беріс осы жиыннан кейін арта түседі деген сенімдемін.

Қазақстанның жеті, Ресейдің он екі аймағы бір-бірімен шектесіп, тұрғындары аралас-құралас тұрмыс кешіп жатыр. Көрші орналасқан елді мекендер арасында кедергісіз жүруге болатын шекара бекеттері бар. Қолыңда құжатың болса, еш кедергісіз әрі-бері өтіп, туыс-туғаныңа бара аласың. Екі мемлекеттің бір-біріне деген осындай кәміл сенімін жер шарының өзге бөлігінен кездестіре алмайсыз. Жүк тасымалымен айналысқандықтан, қызметкерлеріміз екі ел арасында өте көп қатынайды. Соңғы уақытта екі жақтың да жолдары жөнделіп, кеден бекеттеріндегі тексерістер азайды. Қағазбастылықтан құтылудамыз. Бұл – кәсіпкерлердің ісінің өрге басуына үлкен серпін.

Жыл сайын өтетін форум гуманитарлық салада да ынтымақтастықты нығайта түсуде. Сонау Шоқан Уәлиханов салып кеткен жолмен білім қуып, Омбыға келетін қазақстандық жастар көп. Қазіргі таңда Қазақстанның түкпіртүкпірінен келген он мыңнан ас-там студент білім алуда. Ал ресейлік жастар Қазақстанның үздік оқу орындарын таңдауда.

Татьяна БОЛТАЕВА,

“БОС” көлік компаниясының директоры.

Омбы қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика