МІНДЕТІМІЗ — ЕЛЖАНДЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы терең біліммен, тәлімді тәрбиемен қаруланған бәсекеге қабілетті және сауатты қазақстандық ұлт қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа жетуде Мағжан Жұмабаев ауданының педагогтері мен ата-аналарының алдында күрделі әрі жауапкершілігі мол міндеттер тұр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 15

АБАТТАНДЫРУ АЯСЫ КЕҢЕЙМЕК

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, абаттандыру жұмыстарының барысы және басқа да өзекті мәселелер қаралып, мамыр айында болатын мемлекеттік мерекелерге әзірлік барысы пысықталды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 13

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған арнайы мониторингтік топ өкілдері мен агенттік қызметшілері жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болып қайтты. “Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет” қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков бастаған делегация тұрғындар және мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, өз міндеттері мен мақсаттары жөнінде баяндады, аудан орталығындағы бірнеше нысанды аралады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 12

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЕСКЕРІЛДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен танысып, әрқайсымыз өзіміз үшін тиімді тұстарын белгіледік. Бұл бастамалар ел азаматтарына баспана, еңбекақы және білім алу жағдайын жақсартуға, жұмыспен қамтамасыз етілуіне жаңа мүмкіндік беретін ерекше әлеуметтік қолдау түрі болып табылады. Осылардың ішінде көпшілікті, ең бірінші кезекте, баспана мәселесі толғандыратыны жалпақ жұртқа аян. Қалтаның жұқалығынан жеке баспанаға қолы жетпей жүргендердің көбі пәтер жалдап тұруға немесе туысын жағалауға мәжбүр. Үй салуға, сатып алуға жер телімдерінің қымбаттығы тағы кедергі. Дегенмен, жұртшылықтың жоғын түгендеуге келгенде мемлекеттің де қарап отырмайтынын білеміз. Сөзімізге жыл сайын халық игілігіне берілетін көппәтерлі үйлер дәлел бола алады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 11

ҚАРТТАР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы шеңберінде өткен “дөңгелек үстелде” партияның сайлауалды бағдарламасының “Денсаулық” бағытын жүзеге асыру мақсатымен құрылған аумақтық комиссияның мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі мен мемлекеттік органдар өкілдері қарттарға медициналық көмек көрсету және оларды әлеуметтік қорғаудағы қордаланған мәселелерді талқылады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұмабек Елеусізовтің айтуынша, облысымызда жасы алпыстан асқан тұрғындардың саны 105 мыңға жуық. Олардың 95 мыңнан астамы түрлі сырқаттармен диспансерлік есепке алынған. Қарттар қан айналымы жүйесі ауруларына жиі шалдығатын көрінеді. Қысымның көтерілуінен және жүректің ишимиялық ауруынан зардап шегуші 60 мың қарт бар. Одан кейінгі орында эндокриндік аурулар, оның ішінде қант диабеті және тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққандар тұр. Егде жастағылар арасында бірден бірнеше аурудың азабын тартушылар да баршылық. Деректер, әрине, көңіл көншітерлік емес. Осы орайда зейнет жасына жеткендерге медициналық көмек тиісті деңгейде көрсетіле ме деген сұрақ туындайды. Жиынға қатысқан зейнеткерлердің емханалардағы ұзын сонар кезектер мен емделушілерді қабылдау жүйесіне, тегін дәрі-дәрмектердің қолжетімсіздігіне қатысты жарыса жеткізген шағымдарына қарағанда, бұл салада шешімін күткен мәселелер әлі де жеткілікті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 16

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика