ҚҰРАМА ҚАТАРЫ ЖАҢАРАДЫ

Бүгіндері Шымкент қаласында бокстан ел біріншілігі өтуде. Сайысқа еліміздің барлық облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының ең үздік 183 былғары қолғап шебері қатысуда.

Байрақты бәсекеге былтыр “WSB” жобасында 69 килограмм салмақ дәрежесінде “Азияның ең үздік боксшысы” атанған “Astana Arlans” клубының мүшесі Асланбек Шымбергенов, халықаралық турнирлердің жүлдегері Расул Жаңбырбай, 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Антон Пинчук және тағы да басқа отандық бокстың үздіктері қатысады. Біріншілікте жастармен қатар, жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сынды танымал былғары қолғап шеберлері де шаршы алаңға шығады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл біріншілікте тосын сыйлар көп болмақ. Өйткені, бокстан ел құрамасы 70 пайызға жаңарып, резервте жүрген жас спортшылар шаршы алаңға шығады. Бұл жастар осы жолы өздерін көрсетіп, жеңімпаз атануға мүмкіндік алып отыр. 12 қарашаға дейін жалғасатын ел біріншілігінің қорытындысы бойынша бокстан ұлттық құрама команданың жаңа мүшелерінің есімдері белгілі болады.

Былғары қолғап шеберлерінің кездесулерін “QAZSPORT” телеарнасынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Көрсетілімдер кестесі:

9 қараша

13:55 ¼ финал.

19:00 ¼ финал.

23:00 Қорытынды.

10 қараша

17:40 Бокс. Қазақстан чемпионаты.

11 қараша

13:55 Жартылай финал.

18:00 Қорытынды.

12 қараша

11:55 Финал.

15:30 Қорытынды.

 

Қанат АТАМАНОВ,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.