ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Бүгінгі таңда ел спортшылары әлемдік деңгейде бақтарын сынап жүр. Біздің да балаларымыз бірден чемпион болып шықпас, дегенмен, оларды жас күндерінен баптау бағытында мектебімізде көптеген шаралар ұйымдастырылады. Болашақ ұрпағымыздың саулығын көздеген “Мен – чемпионмын” спорттық сайысы Шал ақын ауданындағы мектептер арасында өтті.

“Мен – чемпионмын” спорттық ойынының ашылу салтанатында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру дайындығы клубының директоры Мұса Құсайынов шараның маңызына тоқталып, балаларға жеңіс тіледі. Кеңес орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейрам Сыздықов сайыстың өту тәртібін түсіндіріп, ойын ережелерінің бұзылмауын жіті қадағалады.

Жеңіске жетер жол жеңіл болмады. Қатысушылар барын салып, кез келген биікті бағындыруға тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша Приишим орта мектебінің “Барыс” командасы – І орынды, Кеңес орта мектебінің “Жалын” тобы – ІІ, ал Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің “Шамшырақ” тобы ІІІ орынды иеленді.

Салтанат НЕҒМЕТОВА,

Кеңес орта мектебі

математика пәнінің мұғалімі.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.