КӨРМЕ АУМАҒЫНДАҒЫ МҰЗ АЙДЫНЫ

“ЭКСПО” аумағында Астана қаласындағы ең үлкен ашық мұз айдыны ашылды. Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын мұз айдыны жеті жүзге дейін адам қабылдай алады.

– Бұл мұз айдыны “ЭКСПО” аумағына арнайы жобаланған. Компания жобаны мемлекеттің қатысуынсыз өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Мұз айдыны халықаралық көрме кезеңінде туристер арасында танымал болған екі “жалынды” субұрқақтарының арасында орналасқан. Мұз айдынының пішіні “Нұр Әлем” павильонына бағытталған жебеге ұқсас. Оның қақ ортасында жарық бояуларының көмегімен “ЭКСПО” логотипі бейнеленген. Сондай-ақ, мұз айдынында кешкі уақытта жарқырайтын жарық-жолдары төселген, – дейді “MegaIce” компаниясының директоры Ерлан Үмбетов.

Арнайы тоңазытқыш жабдығының көмегімен мұз айдыны +10 градус және одан төмен температурада да жұмыс істей алады. Бұл конькимен сырғанау маусымын келесі жылдың сәуір айына дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұз айдынының сапасы жоғары болуы үшін мұз құятын машиналар қолданылады.

“MegaIce” компаниясының еншісінде әртүрлі өлшемдегі 1000 жұп жаңа коньки бар. Олар барлық келушілерге жалға беріледі. Мұз айдынында конькимен сырғанауды жаңа бастаған келушілерге жаттығу құрылғылары ұсынылады. Мұз үстінде тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандар мен нұсқаушылар болады. Келушілер үшін жеке заттарды сақтау орындары, киіну бөлмелері, сондай-ақ, ыстық тамақ беру орындары қарастырылған. Жаңа мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады. Бұл демалыс уақытын таза ауада белсенді өткізуге мүмкіндік береді.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.