БАСТЫ БӘСЕКЕ
Екі айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде әлемнің 90 мемлекетінен 2500-ге жуық спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасында 23 жолдама бар. Бұл көрсеткіш Олимпиада ойындарына дейін әлі де өсуі мүмкін. Айта кеткен жөн, өңіріміз бұл байрақты бәсекеге спортшы жөнелту бойынша 5-орында тұр. 1994 жылдан бері бұл аламанда 11 солтүстікқазақстандық сынға түскен.