ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіру шебері Роман Креч Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді.

Халықаралық конькишілер одағы, 2018 жылы бәсекелі сайыста ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады. Іріктеу сайыстарының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы он жолдама жеңіп алды. Конькимен жүгіруден Әлем кубогының Канада мен АҚШ-та өткен кезеңдерінде 500 метр қашықтықты 34.75 секундта бағындырған жерлесіміз, еліміздің үздік спринтері Роман Креч қысқы Олимпиада жолдамасының иегері атанды.

Романнан бөлек, әлемдік додаға баратындардың қатарында Екатерина Аидова, Федор Мезенцев, Денис Кузин, Станислав Палкин сынды танымал конькишілер бар. Осылайша, қазақстандық конькишілер сайыс барысында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта сынға түседі.

Айта кетейік, Креч, Кузин, және Аидова Сочи мен Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарына да қатысқан болатын.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.