ТЕГІН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында спорттық-көңіл көтеру шарасы ұйымдастырылды.

Мұнда Қазбек Байболов атындағы балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушылары коньки тебуді үйренгісі келетіндер үшін тегін шеберлік сағатын өткізді.

Келушілер кешкі сағат 18-де мерекелік отшашуды тамашалап, түнге дейін мұз айдынында жаппай сырғанауға қатысты. Бұл күні конькиді жалға алу тегін болды.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика