ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР

Қазақстанның футбол командалары сырт алаңда жолдастық кездесулер өткізіп, екеуінде ғана жеңіске жетті.

Тоғыз жылдан кейін Премьерлигаға қайта оралған петропавлдық “Қызылжар” футбол командасы жасыл алаңда өзбекстандық “Насаф” командасымен кездесіп, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Өзбекстанның өткен маусымдағы күміс жүлдегері, Канши қаласының өкілдерімен болған бұл ойында қызылжарлық Фредди Коронель мен Виктор Гунченко мергендік танытты. Ал бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген “Мақтаарал” былтыр Өзбекстан біріншілігінде жетінші орыннан көріне білген “Машъал” клубынан 1:0 есебімен басым түсті.

Премьерлигада доп теуіп жүрген басқа қазақстандық командалардың нәтижелері көңіл көншітерлік емес. “Тобыл” мен “Атырау” Албанияның “Тирана” мен “Теута” клубтарымен тең түсті. Ал “Ақтөбе” осы елдің “Скендербеу” командасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. “Ақжайық” Украинаның “Мариуполь” командасына төтеп бере алмады. Есеп – 1:3. Ал “Ордабасы” Хорватия біріншілігінде көш бастап тұрған Загребтің “Динамосынан” 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика