ИРИНА — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Иран астанасы – Тегеран қаласында өтіп жатқан жетінші жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде солтүстікқазақстандық жеңілатлет Ирина Эктова алтыннан алқа тағынды.

Әйелдер арасында үш қарғып секіру сайысына Қазақстаннан екі спортшы – Ирина Эктова мен Мария Овчинникова қатысқан. 2018 жылды жоғары жетістіктермен бастаған Ирина бұған дейін қаңтар айында Өскемен қаласында өткен сайыста топ жарған болатын. Бұл жолы да бапкерлерінің сенімін ақтаған жерлесіміз Тегеран қаласының төрінде 13,79 метрге секіріп, Азия чемпионы атанды. Жарыс барысында үндістандық Шина Нелликал екінші болса, вьетнамдық Тхи Тху Тхао үздік үштікті түйіндеді. Ал тағы бір қазақстандық жеңілатлет Мария Овчинникова төртінші орынды қанағат тұтты.

Ел құрамасының қоржынына алғашқы алтынды қостанайлық Татьяна Нерознак салған болатын. Ол үш шақырым қашықтықты 9 минут 33,65 секундта жүгіріп өтті. Биіктікке cекіруден Шығыс Қазақстан облысының өкілі Надежда Дубовицкая 1,80 метрді бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика