ЖАС БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

Еліміздің 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан келген жас балуандар грек-рим күресі бойынша өзара мықтыларды анықтады. Облыс орталығындағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өткен Қазақстан чемпионатында 23 жасқа дейінгі 230 балуан 10 салмақ дәре-жесі бойынша күш сынасты. 

Жарысты ашқан облыстық дене шынықты-ру және спорт басқармасының басшысы Рус-лан Есеналин өңірімізде күрестің дамуы және жергілікті спортшылардың оған қызығушы-лығы жайлы сөз қозғады. Спорт ардагері Жам-был Тасеменов республикалық, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын абы-роймен қорғаған Данияр Кәленов, Ақан Баймағанбетов, Аманғали Бекболатов, Евге-ний Горбузняк сияқты балуандардың жетіс-тіктерімен бөлісіп, мықты бапкерлердің еңбегін атап өтті. Республикалық жарыстың ашылу салтанатында сөз алған өзге де аза-маттар біріншілікке қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Үш күнге созылған жарысқа Қазақстан Рес-публикасы төрешілер алқасының төрағасы Ерік Жұмабеков қазылық етті. Біріншілікке грек-рим күресінен Қазақстан Республика-сының мемлекеттік бапкері Мейірхан Рахме-тов, 23 жасқа дейінгі құрама команданың бапкері Жаңабай Оспанов та келді. Жергілікті спортшылар бұл жолы жақсы өнер көрсетіп, бірнеше салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды. Соның ішінде 82 килограмм салмақ дәрежесінде Станислав Рыльский, 97 кило-грамм салмақта Евгений Горбузняк және 87 килограмм салмақ дәрежесінде Бауыржан Му-син қарсыластарын айқын басымдықпен же-ңіп, бірінші орынды иеленді. Ал 63 килограмда Ақжол Тұяқов, 72-де Саламат Исеналиев пен Зелимхан Усманов, 77 килограмм салмақ дә-режесінде Михаил Обухов, 130-да Егор Джим үшінші орынға табан тіреді. 

Күрес мектебінің директоры Мейрам Хам-зиннің айтуынша, жарыста бірінші және екінші орын алған балуандарға “Қазақстанның спорт шебері” атағы беріліп, олар ел құрамасына қабылданады. Алдағы уақытта үздіктер әлем чемпионатына барады. 

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.