ШАРШЫ АЛАҢДА — КИКБОКСШЫЛАР

Петропавлда кикбоксингтен облыс кубогы үшін жарыс өтуде.

Осымен 19-шы рет ұйымдастырылып отырған жарыс КСРО әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына арналды. Дүбірлі додада еліміздің сегіз өңірінен 140 спортшы үш салмақ дәрежесінде күш сынасуда.

– Ауғанстанда болған шайқастарда көптеген жерлесіміз қаза тапты. Соғыста бірнеше этностың, әр-түрлі діндегі азаматтардың басы бір мақсат жолында бірікті. Бұл нағыз жауынгерлік бауырластықтың үлгісі, – деді “Қаһарман ұрпақ” қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев.

Бүгін жарысқа қатысушылар ақтық сынға түседі.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика