ОЛИМПИАДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнінде ел құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Фристайл спортының могул түрінен сынға түскен отандасымыз Юлия Галышева қола жүлдегер атанды.

Ол финалдық бәсекенің алғашқы кезеңінде 75,10 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Екінші финалдық кезеңде 76,81 ұпаймен үздік алтылыққа кіріп, медаль үшін сынға түсетін спортшылардың қатарына енді. Ал соңғы финалдық сайысты бірінші болып бастаған Юлия Галышева 77,40 ұпай жинап, қола жүлдені иеленді. Күміс жүлде Сочи Олимпиадасының жеңімпазы канадалық Жюстин Дюфур-Лапуантқа (78,56) бұйырса, франциялық Перрин Лаффон (78,65) Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл – Юлия Галышеваның үшінші Олимпиадасы. Ол бұған дейін Ванкувер Олимпиадасында – 11-ші, Сочи Олимпиадасында жетінші орын иеленген еді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика