КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС — “БЕЙБАРЫС”

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі шеңберінде 54 кездесудің қорытындысы бойынша 97 ұпаймен үздік үштікке енген “Құлагер” хоккей командасының 1/4 финалдағы алғашқы қарсыласы анықталды.

Плей-офф сынында жерлестеріміз атыраулық “Бейбарыс” құрамасымен кездеседі.

92 ұпайы бар “Бейбарыс” командасы турнир кестесінде алтыншы орында. Қос команда төрт жеңіске дейін тартысқа түспек. Командалардың алғашқы екі ойыны 3-4 наурыз күндері Петропавлдағы Спорт сарайында өтеді. Ал одан кейінгі қос матч сырт алаңда 7-8 наурыз күндеріне жоспарланған.

Бұл бәсекеде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 5-ші және 6-шы матчтарды қызылжарлықтар қабылдайды. Осы ойындардың барлығында мерейі үстем құрама белгілі болмаса, жеңімпаз Атырау қаласында 15 наурызда өтетін соңғы 7-ші ойында анықталады.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика