ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖОЛЫ БОЛДЫ

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында есту кемістігі бар жасөспірімдер арасында футзалдан ел біріншілігі өтті. Спорттық шараға Астана мен Алматы қалаларының, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының сегіз командасы қатысты.

Жарыс барысында бес кездесу өткізген жерлестеріміздің төрт ойында жолы болды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының командасын – 6:0, Орал және Алматы қалаларының командаларын – 6:1 және 5:0, ал қарағандылықтарды 2:1 есебімен жеңді. Дегенмен, Шымкент қаласының командасымен болған кездесуде 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, біріншіліктің чемпионы атанды. Алматы қаласының өкілдері – екінші, солтүстікқазақстандық өрендер үздік үштікті түйіндеді.

Петропавл қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының директоры Вячеслав Латышевтың айтуынша, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Өткен жылғы біріншілікте біздің жерлестеріміз тек төртінші орынға тұрақтаған болатын. Қазіргі уақытта клубтың тәрбиеленушілері үстіміздегі жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласында өтетін сурдоолимпиада ойындарына жаттығуларын бастады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика