ӘУЕСҚОЙЛАР САЙЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шайбалы хоккейден облыс әкімінің кубогы үшін болған жарыс өз мәресіне жетті. Сайысқа тоғыз команда құрамында екі жүзге жуық әуесқой спортшы қатысып, бақ сынасты.

Төрт айға созылған сайыс барысында хоккейшілер Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардағы мұз айдындарында кездесулер өткізді. Ал үздіктер қатарынан көрінген Петропавл қаласы, Аққайың, М.Жұмабаев, Есіл аудандарының командалары облыс орталығындағы Спорт сарайында өткен ақтық кезеңге жолдама алған болатын.

Тартысқа толы бұл кездесулердің қорытындысы бойынша М.Жұмабаев ауданы бірінші орынға ие болды. Ақиық ақын атындағы ауданның өкілдеріне облыс әкімінің кубогы мен 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. Петропавл қаласының хоккейшілері екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші орын аққайыңдықтардың еншісінде. Қос команда сәйкесінше, 200 және 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Сайыстың салтанатты жабылу рәсімінде қатысушыларды жеңістерімен құттықтаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдименов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тартысты өткен ойындар үшін алғысын айтып, жетістіктер тіледі.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика