ЖЕТКІНШЕКТЕР ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

Петропавлда балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт – жекпе-жектен ел біріншілігі өтуде. Өңірімізде алғаш рет жалауы желбіреген дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 7-14 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Шаршы алаңдағы бірінші жекпе-жек маңғыстаулық Бақдәулет Құсайын мен ақтаулық Санжар Ахметовтің арасында өрбіді. Тартысты өткен сынның екінші раундының соңында маңғыстаулық өрен айласын асырып, жеңіске жетті. Бұдан соң қызылордалық Нұрасыл Баянбаев жерлесіміз Вагиф Хайдаровты бар болғаны бір минуттың ішінде жеңді. Ал өңіріміздің тағы бір өкілі Нұрболат Данияров спорт шебері, маңғыстаулық Әлішер Маденовтен ұтылып қалды.

Жекпе-жектен мемлекеттік жаттықтырушы Дамир Манарұлының айтуынша, республикалық біріншілікте үздіктер қатарынан көріне білген спортшылар мамыр айында өтетін ел кубогында бақтарын сынайтын болады. Жарыс бүгін аяқталады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика