“ҚЫЗЫЛЖАР” – ФУТБОЛ АЛАМАНЫНДА

Үстіміздегі жылы футболдан Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын петропавлдық “Қызылжар” футбол клубында ауыстүйістер болды. Атап айтқанда, соңғы құрамдағы легионерлердің ішінен тек босниялық шабуылшы Бошко Ступич қана қалды. Сербиялық Никола Тасич пен малилік Мамуту Кулибалимен келісімшарт бұзылды.

Жаңа маусымда “Қызылжар” футбол командасының сапын жаңа 12 футболшы толықтырды. Болгариялық маман Никола Спасовқа бас бапкерлік тізгін сеніп тапсырылды.

Оқырмандарымыздың назарына жаңа бапкер мен осы маусымда команда қатарына қосылған ойыншылар туралы қысқаша ақпарат ұсынамыз.

Никола Спасов

15.12..1958 ж., София қ., Болгария

Бас бапкер.

1977-1994 жылдар аралығында Болгария және Португалия клубтары сапында ойнаған.

1998-2016 жылдары аралығында “Верин” (Испания), “Имортал” (Португалия), “Черно Море” (Болгария), “Марек Дупница” (Болгария), “Брегалница” (Македония), “Светкавица” (Болгария), “Спартак” (Варна, Болгария), “Каликара” (Болгария) клубтары сапында жаттықтырушы, бас бапкердің көмекшісі және бас бапкер болып еңбек еткен.

2016-2017 жылғы маусымда “Царско Село” (Болгария) командасын жаттықтырған.

Болгарияның кубогы мен суперкубогының иегері (“Черно Море”).

 

Сергей Скорых

25.05.1984 ж., Петропавл қ.

Бойы 184 см., салмағы 78 кг.

№43, жартылай қорғаушы

2003 жылғы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері (“Есіл-Богатырь”);

2006 жылғы Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері (“Тобыл”);

2007-2008 жылдары Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері;

2007 жылғы Қазақстан кубогының және Интертото кубоктарының иегері;

2011 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері (“Жетісу”).

 

Антон Цирин

10.06.1987 ж., Ташкент қ. Өзбекстан

Бойы 198 см., салмағы 92 кг.

№1, қақпашы

2006-2012 жылдары “Ертісте”;

2012 жылы “Ақжайықта”;

2013 жылы “Жетісуда”;

2014 жылы “Атырауда”;

2015-2016 жылдары “Ертісте”;

2015 жылы “Оқжетпесте”;

2017 жылы “Қайсар М” командасынада ойнаған.

2008, 2010 және 2016 жылдары Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанған.

Гогита Гогуа

4.07.1983 ж., Грузия

Бойы 174 см., салмағы 72 кг.

№5, жартылай қорғаушы

1999-2000 жылдары “Грузия 1”;

2001-2002 жылдары “Динамо-2”;

2002-2003 жылдары “Мерани-91”;

2003-2005 жылдары “Тбилиси”;

2006 жылы “Спартак” (Нальчик);

2007 жылы “Сатурн” (Раменское);

2008-2010 жылдары “Спартак Нальчик”;

2011 жылы “Волга” (Нижний Новгород);

2011-2013 жылдары “Динамо” (Тбилиси);

2012-2013 жылдары “Дила”;

2013-2015 жылдары “СКА-Энергия”;

2015 жылы “Дила”;

2016 жылы “Ертіс” (Павлодар);

2016-2017 жылдары “Ордабасы”;

2017 жылы “Оқжетпес” командаларында ойнаған.

2004-2005 және 2005-2011 жылдары Грузия құрамасына алынған.

2012-2013 жылғы Грузия біріншілігінің күміс жүлдегері.

 

Шота Григалашвили

21.08.1986 ж., Грузия

Бойы 173 см., салмағы 70 кг.

№10, жартылай қорғаушы

2004-2006 жылдары “Динамо” (Тбилиси);

2007-2008 жылдары “Боржоми”;

2008-2009 жылдары “Месхети»;

2009-2012 жылдары “Зестафони”;

2012 жылы “Алания”;

2013 жылы “СКА-Энергия”;

2013-2014 жылдары “Анортосис”;

2014 жылы “Омония” (Никосия);

2015 жылы “Неа Саламия”;

2015-2016 жылдары “Этникос” (Ахна);

2016 жылы “Ертіс” (Павлодар);

2017 жылы “Алмалық” командаларында доп тепкен.

2003 жылы Грузия (19 жасқа дейін);

2004-2006 жылдары Грузия (21 жасқа дейін);

2006-2013 жылдары Грузия ұлттық құрама командасында ойнаған.

2004-2005, 2010-2011 жылдары Грузия чемпионы;

2010-2011 жылдары Грузия супер кубогының иесі.

 

Андрей Шабаев

15.02.1987 ж., Қазақстан

Бойы 179 см., салмағы 77 кг.

№27, қорғаушы

2004-2006 жылдары “Цесна-Д”;

2007-2009 жылдары “Қазақмыс”;

2010 жылы “Цесна”;

2011 жылы “Восток”;

2012-2013 жылдары “Тараз”;

2014-2015 жылдары “Восток”;

2016 жылы “Жетісу”;

2017 жылы “Ақжайық” сапында ойнаған.

 

Михаил Венков

28.07.1983 ж., София қ., Болгария

Бойы 181 см., салмағы 73 кг.

№25, қорғаушы

2002-2011 жылдары «Литекс» (Ловеч);

2011-2012 жылдары “Локомотив” (Пловдив);

2012-2013 жылдары «ЦСКА» (София);

2013-2017 жылдары «Черное море» (Варна) командаларында ойнаған.

2004-2008 жылдары Болгария құрамасына шақыртылған.

2009-2010, 2010-2011 жылдары ел чемпионы (“Литекс”);

2004, 2008, 2009 жылдары Болгария кубогының иегері;

2014-2015 жылдары Болгария кубогының иегері (“Черное море”).

2015 жылғы Болгария суперкубогының иегері.

 

Рустам Айдарғалиев

11.08.1991 ж., Қазақстан

Бойы 191 см., салмағы 72 кг.

№31, қақпашы

2009-2012 жылдары “Ертіс”;

2012 жылы “Спартак”;

2014 жылы “Тараз”;

2015 жылы “Қызылжар”;

2015-2017 жылдары “Екібастұзда” доп тепкен.

 

Георгий Попхадзе

25.09.1986 ж., Грузия

№2, қорғаушы

2004-2006 жылдары “Тбилиси”;

2006-2010 жылдары “Виборг ФФ”;

2011 жылы “Зестафони”;

2012 жылы “Штурм” (Грац);

2013 жылы “Баку”;

2014-2015 жылдары «Ягеллония» (Белосток);

2016 жылы “Фламуртати” (Влера);

2016-2017 жылдары “Локомотив” (Тбилиси), “Дила” (Гори) командаларында ойнаған.

 

Алексей Мулдаров

24.04.1984 ж., Қазақстан

Бойы 189 см., салмағы 80 кг.

№3, қорғаушы

2001-2005 жылдары “Моздок”;

2005-2007 жылдары “Краснодар-2000”;

2007-2009 жылдары “Губкин”;

2009-2012 жылдары “Мордовия”;

2013-2014 жылдары “Ақтөбе”;

2015 жылы “Қайсар”, “Шахтер”;

2016 жылы “Атырау”;

2017 жылы “Қайсар” командаларының намысын қорғаған.

2013 жылы Қазақстан құрамасына алынған.

2013 жылғы Қазақстан чемпионы;

2014 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері;

2014 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері.

Коронель Фредди

22.07.1989 ж., Парагвай

Бойы 176 см.

№16, жартылай қорғаушы

2010 жылы “Либертад”, “Соль де Америка”;

2011 жылы “Спортиво Лукеньо”;

2012-2013 жылдары “Рубио Нью”;

2014-2015 жылдары “Индепендьенте Ривадавия”;

2016-2017 жылдары “Ақжайық” командасында ойнаған.

 

Братислав Пуношевац

9.07.1987 ж., Сербия

Бойы 189 см., салмағы 81 кг.

№13, шабуылшы

2005-2010 жылдары “Напредак”;

2011-2013 жылдары “Оцелул”;

2013 жылы “Тыргу-Муреш”;

2013-2014 жылдары “Раднички”;

2015 жылы “Гонвед”;

2015-2016 жылдары “Бекешчаба”;

2016 жылы “Напредак” командаларында өнер көрсеткен.

 

Урош Делич

10.08.1987 ж., Сербия қ. Черногория

Бойы 193 см., салмағы 83 кг.

№21, жартылай қорғаушы

2005-2006-2011 жылдары “Рад” (Белград);

2011-2012 жылдары “Беерсхот” (Антверпен);

2012-2013 жылдары “Эндрахт” (Алст);

2014 жылы “Сюрианска” (Седертелье);

2014-2015 жылдары “Лука копер” (Копер);

2015 жылы “АФК Юнайтед” (Стокгольм);

2015-2016 жылдары “Металац” (Горни-Милановац);

2016-2017 жылдары “Борац” (Чачак) сапында ойнаған.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика