МИЛЛИОНДАР ОЙЫНЫ

Бүгінгі таңда футболды Солтүстік Қазақстан облысындағы №1 спорт түрі деп айтуға әбден болады. Жерлестеріміз Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген “Қызылжар” клубы футболшыларының кездесулерін, жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін әуесқой командалардың ойындарын тамашалау мүмкіндігіне ие. Миллиондардың ойыны атанған футбол қашанда орталық стадионда мыңдаған жанкүйер жинайды.

Бүгіндері облысымызда футболды дамытуға айрықша маңыз беріліп отыр. Тек соңғы екі жылдың ішінде үш жүзден астам шағын футбол алаңы пайдалануға берілсе, оның елуі жасанды жамылғысы бар футбол алаңдары болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саламатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл ретте облысымызда спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын нығайту мақсатында жүйелі түрде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылжарлықтардың қуанышына орай, “Қарасай” стадионында жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Күрделі жөндеу барысында көрермендердің трибунасы мен ішкі бөлмелері Премьер-лига және “УЕФА” талаптарына сай жаңартылды. Стадионның тірек бағандары бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне және телеоператорларға арналған орын, VIP-орын жасалды. Сондай-ақ, стадионның кіреберісі жаңартылып, футбол алаңы халықаралық талаптарға сай келтірілді. Сөйтіп, орталық стадион халықаралық дәрежедегі сайыстарды өткізу мүмкіндігіне ие болды. Соңғы екі жылдың ішінде “Қарасай” стадионына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Петропавл қаласында жастар футбол орталығының ашылуы біздің өңір үшін тың жаңалық болғаны сөзсіз. Біз орталықтың тәрбиеленушілері – жас футболшылардың болашағынан үміт күтеміз. Алдағы уақытта олардың “Қызылжар” футбол командасының негізгі құрамында өнер көрсететініне сенімдімін. Бұлай деуіме негіз бар. Жуырда Петропавл қаласындағы “Жастар” стадионында жабық футбол манежі пайдалануға берілді. Биыл құрылғанына 50 жыл толып отырған “Қызылжар” клубының футболшылары жалпы аумағы екі мың шаршы метрлік манежде жыл бойы жаттығу мүмкіндігіне ие болды. Бұл манежде орталықтың 2004-2010 жылдары туған 200 тәрбиеленушісі жаттығатын болады. Осындай қолдаудың арқасында өңірімізде футбол дами түседі деген сенімдеміз.

Руслан ЕСЕНАЛИН,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика