БІЛІКТІЛІК САНАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Бүгіндері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тұрғындарға мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді. Бірақ үстіміздегі жылы олардың саны екі есеге көбейеді. Басқарма тарапынан көрсетілетін қызметтерге жаттықтырушылар мен төрешілерге спорттық разрядтарды беру жатады.

Өткен жылы – 494, ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында 146 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

– Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық әкімдіктің қаулысы негізінде “Жергілікті спорттық федерацияларды аккредиттеуді” жүзеге асырады. Бүгінгі таңда өңірде 42 спорт федерациясы тіркелген. Спорттық ұйымдарды аккредиттеу спорт түрлері бойынша облыс аумағында оның дамуына ықпал ететін федерациялардың құқығы мен өкілеттілігін бекітеді. Аккредиттелген федерация ғана спорттық разрядтар мен жаттықтырушы санаттарын беру ұсынымын куәландырады, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Брифингте аталмыш басқарма мен аккредиттелген спорттық федерациялар бірлесіп, облыс аумағында спорттық шаралар өткізетіні айтылды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаев та көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталды. Баяндамашының айтуынша, өткен жылы “Азаматтарға арналған үкiмет” мемлекеттiк корпорациясы” АҚ-ның облыстық филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментi арқылы – 380, ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 56 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде 122 спортшы – екінші, 95-сі үшінші разряд алды. Жасөспірімдер разрядын алған спортшылар да бар. Сондай-ақ, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге де біліктілік санаттары берілді. “Спорт төрешісі” санатын 23 адам алды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика