ЖАСЫЛ АЛАҢДА – БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Алматы қаласында “Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ ұжымдары арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа банктің бөлімдері, өңірлік филиалдардың құрама командалары қатысты.

Сайыс ережесі бойынша командалар географиялық орналасулары бойынша “Солтүстік” (Петропавл, Қостанай, Көкшетау), “Оңтүстік” (Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент), “Орталық” (Қарағанды, Астана), “Батыс” (Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Маңғыстау) және “Шығыс” (Павлодар, Өскемен) болып бөлінді.

Екі күнге созылған турнирдің ақтық кезеңінде “Солтүстік” пен “Орталық” командалары кездесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Өкінішке қарай, ойын соңындағы пенальти сериясында жерлестеріміздің жолы болмады, есеп – 1:3.

Жарыстың қорытындысы бойынша “Орталық” командасы турнир жеңімпазы атанды. “Солтүстік” екінші болса, ал “Оңтүстік” командасы үздік үштікті түйіндеді.

Дмитрий ЦЫГАНКОВ,

“Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ облыстық филиалының бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика